Шерзаттың ағасы Нұрқанаттың төбелес кезінде алған жарақаты айтылды

Бұл туралы бүгін түске дейін өткен сот процесінің 1-бөлімінде сөз болды. 

Шерзаттың ағасы Нұрқанаттың төбелес кезінде алған жарақаты айтылды Фото: qaz365.kz

Сот Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

16 жастағы жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты басты сот отырысында бірқатар жайт айтылды.

Сот процесінде прокурор айыптау актісін толық оқып, Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың 2024 жылдың 4 қазанға қараған түні болған төбелестен қандай жарақат алғанына тоқталды.

– 2024 жылдың 11 қазан күні №447-24-17 сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Ғайыпбаевтың атына берілген медициналық құжаттардың деректері бойынша келесі диагноз қойылған: жабық ми жарақаты, бас мидың шайқалуы, басты желке бөлігінің қанталауы, кеуде мүшелерінің жабық жарақаты, оң жақтағы бөкседегі бірнеше сұғылған-кесілген жара, бет, маңдай, шынтақ, тізенің көгеруі түріндегі дене жарақаттары анықталды, – деді онлайн өткен сотта мемлекеттік айыптаушы.

Бұған дейін біз Шерзат Полаттың нақты қандай жарақаттан көз жұмғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу