Әкімшілік сот шешімімен Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалды.
Адвокаттар шешімге шағым түсірмекші. Қаржаубайдың қарындасы Бақыт та 15 күнге жабылған. Оған митингке шақырды деген айып тағылған. Сондай-ақ ол ҚР азаматы болмауына байланысты Қазақстаннан депортацияланады.
Сонымен қатар, Қаржаубайдың тағы бір қарындасы Салтанатқа 20 АЕК айыппұл салынды. Жездесі Айғазыға байланысты сот бүгін таңертең өтеді.
Бұған марқұм Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жерлеуінен кейінгі оқиғалар себеп болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу