Бұл туралы "Азаттық" радиосына Шерзат Болаттың әкесі айтып берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қаржаубай Нұрымов інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың "өзіне қол жұмсағанына" сене алар емес. Ол інісін өзге біреулер "суицид жасауға итермелеген" деп санайды. Әйтпесе, "Нұрғанат өлетіндей бала емес еді" дейді ол.
Қ.Нұрымов журналистермен сөйлескенде ұлының бейіті басында жүрген. Себебі, Нұрғанаттың денесі осы маңнан табылған. Нұрымовтың сөзінше, ол бейіт басы жақтан Нұрғанаттың ізін аңдып келіп құзға жеткен. Содан төмен түскен жерден мәйітті тапқан.
Нұрымов інісінің өліміне байланысты "әділ тергеу жүруі керек" деп есептейді.
Еске салайық, бұған дейін Талғар маңынан Шерзат Болаттың ағасы өлі табылғанын, Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлер алдында қоштасу хатын жазып кеткені туралы хабарлаған едік.