Шерзаттың әкесі Қаржаубай қылмыскерлерден алған өтемақыны балалар үйіне беретін болды

1453

Заңгердің айтуынша, Қаржаубай әу бастан қандай да бір қаржылай өтемақыға қызықпаған.

Шерзаттың әкесі Қаржаубай қылмыскерлерден алған өтемақыны балалар үйіне беретін болды Фото: Жоғары Сот

Бұл туралы Қаржаубай Нұрымовтың заңгері Мейірман Шекеев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қаржаубай - адал азамат. Маған келгенде: "Менің Шерзатымды қараламаса болды", - деді. Бұл қылмыскерлердің түрмеде отыратынына күмәнім бар, бірақ менің баламды қараламасыншы, менің арманым сол деді. Қаржаубай ақша жинады, "сбор" ашты деген әңгіме шықты. Оның бәрі шындыққа жанаспайды", – деп мәлімдеді қорғаушы. 

Қаржаубай сотталушылардан бір тиын да алғысы келмеген. Алайда заң шеңберінде қорғаушылар мән-жайды түсіндірген соң сотта өтемақы сұрауға мәжбүр болған. 

"Азаматтық талап қойған кезде бірден бас тартты. Содан кейін мен шартты жазаға шығып кетпеу үшін өтемақы талап ету керек екенін түсіндіргеннен кейін ғана солай істеді. Оның өзінде ақша түсетін болса, оны балалар үйіне аударамын деді", – дейді адвокат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу