Шерзаттың қазасынан кейін Талғардағы жасөспірімдер тәрбиесі бақылауға алынады

593

Өңірдегі жасөспірімдермен тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

Шерзаттың қазасынан кейін Талғардағы жасөспірімдер тәрбиесі бақылауға алынады Фото: әлеуметтік желіден

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова мәжіліс аясында 16 жасар Шерзаттың қайғылы қазасынан соң, Талғардағы жағдайға биліктің назар аударғанын жеткізді. Айтуынша бұл аймақтағы жасөспірімдермен тәрбие жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін ІІМ мен Бас прокуратура істі белсенді кезеңге өткізеді. Тиісінше, тәрбие мәселесі, жасөспірімдерді пайдалы іс-шаралармен айналысу және балаларды мектептен тыс іс-шаралармен қамту мәселесі сөзсіз бақылауға алынады", - деп жауап берді Насымжан Оспанова. 

Сондай-ақ, ол елімізде өткен оқу жылынан бастап "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асырып келе жатқанын айтты. Оның аясында өңірлерде тәрбие жұмысы белсенді жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу