Шерзаттың өліміне басты күдікті түрін көрсетуге қарсы болмады

Бұл туралы адвокат Әбенов хабарлады. 

Шерзаттың өліміне басты күдікті түрін көрсетуге қарсы болмады Фото: Бейнежазбадан

Оның сөзінше, Шерзат ісінде басты күдікті саналатын Шынасыл Абзал бүгінгі сот отырысында бар шындықты айтуға бекінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот отырысы осы кезде тікелей эфирде өтіп жатыр.

Сот процесінде Шынасыл Абзал өзіне тағылған айыпты жартылай мойындайтынын айтты. Сондай-ақ, 2024 жылдың 3 қазанынан 4-іне қараған түні не болғанын рет-ретімен баяндап берді. 

Ол сөз арасында мылтықты Нұрқанат Ғайыпбаевтың алып шыққанын мәлімдеді. 

– Мен Шерзат Полаттың құлағанын көрдім, бірақ неден құлағанын көрмедім. Шалынып құлады деп ойладым. Сосын ол отырып "Жедел жәрдем, жедел жәрдем!" деп айғайлады. Барып тептім, ұрдым. Сол кезде арқамнан біреу тартты. Қарасам, мен танымайтын Дархан Әскентай екен. Оны танымағандықтан екі рет ұрып жібердім, – деді ол. 

Одан соң Шынасыл Абзал Шерзат Полатқа пышақ сұқпағанын, бастапқыда кінәні мойындай салғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу