Полиция Шерзаттың өліміне қатысты 5 бап бойынша тергеу жүргізіп жатыр

326

Тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр. 

Полиция Шерзаттың өліміне қатысты 5 бап бойынша тергеу жүргізіп жатыр Фото: Бейнежазбадан

16 жасар Шерзат Болаттың ісі бойынша Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Талғар қаласында болған Шерзат Полаттың өліміне қатысты Алматы облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық), 115-бабы (Қорқыту), 432-бабы (Қылмысты жасырып қалу) және 434-бабымен (Қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркеліп, тергеліп жатыр. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеуде", – делінген министрдің жауабында.

Ведомство басшысының дерегінше, қазір қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынды.

Ержан Сәденов тергеу жалғасып жатқанын баса айтты.

"Оның барысында оқиға болған жерде болған басқа да адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Жалпы қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты", – деді Ішкі істер министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу