Шерзаттың отбасына демеушілердің көмегімен баспана салынып жатыр

286

Үйге түрлі тұрмыстық заттар қажет.  

Шерзаттың отбасына демеушілердің көмегімен баспана салынып жатыр Фото: Tengrinews.kz

Алматы облысында марқұм Шерзат Полаттың отбасына демеушілердің қолдауымен баспана салынып жатыр. Қуанышты жаңалықты адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үйді бастаған. Көзім жетіп жатыр. Бізге уәде бергені бойынша 15 қазанға дейін ішкі әрлеу жұмыстары толық бітеді деп отыр. (...) Алла қаласа, 15 қазанда қоныс тойын тойлаймыз. Бұл бір азаматтың демеушілігінің арқасында жүргізіліп жатыр", – деді Мейірман Шекеев.

Белгілі болғандай, Асқар есімді азамат демеушілік көмекті өз мойнына алған.

Заңгер Алматы облысы әкімдігінің осы құрылысты барынша қадағалап, құжаттарын рәсімдеп, аяғына дейін жеткізіп беруге уәде бергенін де жеткізді.

"Мен үшін уәде – ҚР Азаматтық кодексінің талабына сәйкес міндеттеме. Ал міндеттемеден біржақты бас тартуға жол берілмейді. Ол соттағы жауапкершілік. "Көп түкірсе – көл" демекші, осы орайда "Асар-Уме" басшысы Асхат мырзаға да алғысым шексіз. Жиһаздарды мойныма алсам дейді", – деді адвокат.

Оның сөзінше, үйге газ пеші, перделер және басқа да тұрмыстық заттар қажет. 

"Қол ұшын беремін деген жандардан бас тартпаймыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл", – деп жазды Мейірман Шекеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу