Дрондар шабуылы нәтижесінде ресейлік сарбаздар емес, тұтқынға алынған Украина Қарулы Күштерінің әскери қызметкерлері қаза тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Бұған дейін айтқанымдай, шабуылдан біздің тарапта зардап шеккендер жоқ, бірақ олар украиналық тұтқындар арасында бар", – деді Қадыров.
Оның айтуынша "республикадағы барлық стратегиялық нысандарда" украиналық тұтқындар жетерлік, оның ішінде РАКУ-дың өзінде 10 Украин азаматы тұтқында. Алайда Қадыров өз сөзінде нақты қанша адамның қаза тапқанын айтпады.
Украиналық "Суспiльне" телеарнасының дереккөздері Украинаның арнайы қызметтерінен РФ ғимаратына соғылған ұшқышсыз ұшақ Дағыстан немесе Ингушетиядан ұшырылған болуы мүмкін деген мәлімдемені растады.