Шешенстанда жасалған қастандықты ТГИЛ мойнына алды

847

Шешенстанда жасалған қастандықты ТГИЛ мойнына алды

Шешенстанда жасалған қастандықты "Ирак және Левант лаңкестік тобы" мойнына алды, деп хабарлайды 24.kz.

Сенбі күні 4 қаскөй Грозный қаласындағы шіркеуге шабуылдап, салдарынан 3 адам қаза тапқан еді. Оның екеуі – тәртіп сақшысы, біреуі – шіркеуге келуші. Тағы екі кісі жарақат алған. Қылмыскерлер шіркеуге баса көктеп кіріп, жиналғандарды өлтірмекші болған. Алайда тәртіп сақшылары қылмыскерлерді жер жастандырып үлгерген.  Дерек бойынша олардың жеке тұлғалары анықталды.

"Олар шіркеуге кіріп, шіркеуде жұмыс істейтін тәртіп сақшысын өлтірген. Ғимарат ішінде болған дәрігер жарақат алды. Қылмыскерлерді байқап қалған мамандар тез арада оқиға орнына жетіп келіп, оларды жер жастандырды", - дейді Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Кадыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу