Шешенстан билігі ауылда мемлекет қаржысына соғылған екі қабатты спорт кешенін Рамзан Қадыровтың 15 жастағы ұлы Ахмадтың құрметіне атады, – деп хабарлайды azattyq.org.
Кешен елдің шығыс бөлігіндегі ауылда соғылған. Бұл туралы хабарды "Грозный" мемлекеттік арнасы көрсеткен.
"Ахмад Кадыров — "Ахмат" жекпе-жек клубының тәрбиеленушісі. Халықаралық жарыстарға қатысып үлгерген. Бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Спортпен кәсіби түрде шұғылданумен қатар Ахмад діни ілім алып, оқуда озат болып отыр. Ол – өз құрдастарына үлгі" делінген телеарна сюжетінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу