"Шешім журналистикасының зертханасы" жобасы: екінші лекке өтінім қабылдау аяқталады

277

Бұл туралы  "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мәлімдеді.

 "Шешім журналистикасының зертханасы" жобасы: екінші лекке өтінім қабылдау аяқталады Фото: «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры

"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры "Шешім журналистикасының зертханасы" жобасының екінші легіне қатысуға өтініштерді қабылдау 19 қарашада аяқталатынын еске салады, деп жазады inbusiness.kz сайты

"Шешімдердің журналистика зертханасы" жобасы Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаға қатысу журналистер, блогерлер мен инфлюенсерлер үшін қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтап қана қоймай, сонымен қатар олардың тиімді шешімдерін табуға бағытталған журналистиканың жаңа озық жанрында өздерін сынап көрудің бірегей мүмкіндігі болып табылады. Бұл жоба да өз беделін нығайтып, аудиториясын кеңейтіп, материалдарының сенімділігін арттырғысы келетін БАҚ-қа да арналған", делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Шешім журналистикасының зертханасы" жобаға қатысу үшін іріктелетін кемінде 50 журналист үшін "жайлы аймақ" құрылады. Олар техникалық, қаржылық, қажет болған жағдайда заңгерлік және тәлімгерлік қолдау алады. Өңірлік қазақ тілді журналистерге олардың репортаждарын одан да тереңірек және күрделі етуге көмектесу үшін ерекше назар аударылатын болады. 

"Шешім журналистикасының зертханасы" жобасы мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығы, экономика саласындағы журналистік тергеулер және климаттың өзгеруі сияқты маңызды тақырыптарды объективті жариялауды қолдай отырып, Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігіне үлес қоспақ.

Тәжірибе көрсеткендей, мұндай репортаждар Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың тиісті салалардағы жұмысын сөзбен емес, іс жүзінде жақсартуға итермелейді. Сондай-ақ мұндай жұмыстар оқырмандар мен көрермендерді көбірек қызықтыру арқылы, қазақстандық БАҚ-ты алға жылжытып, дамытуға ықпал етеді. 

Жобаға қатысушылар тақырыпты зерттеуге мүмкіндік алады, сонымен қатар оларға материалдарды дайындау және жариялауда қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, өтемақы, жол жүру ақысы және ақылы деректер базасына қол жеткізу қарастырылған.

"www.solvefuture.kz сайтында өтініш жіберіп, біздің командаға қосылыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін жобаның ресми сайтына кіріңіз, info@solvefuture.kz электронды поштасына жазыңыз немесе +7 777 400 2210 телефонына хабарласыңыз", делінген қор хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу