Шешуші он жылдық төніп келеді – Джо Байден

930

Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына президент болғалы алғаш қатысып отыр.

Шешуші он жылдық төніп келеді – Джо Байден

АҚШ Президенті Джо Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының жалпы саяси пікірталастарында климаттық дағдарысты, пандемияны және бүкіл адамзаттың болашағы үшін шешуші болатын басқа да қиындықтарды еңсеру жағдайында шешуші он жылдық төніп келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап. 

Ол дәл осы уақытта бірлесіп әрекет ету керек екенін атап өтті.

"Бұл біздің әлем үшін шешуші он жылдық, болашағымызды анықтайтын осы уақыт аралығында нақты және шұғыл таңдау жасаймыз. Біз бірлесе жұмыс істеуіміз керек, басқалардың жетістігі біздің жетістікпен тығыз байланысты", – деді ол.

Байденнің айтуынша, АҚШ киберқауіпсіздік пен адам құқығына баса назар аударады. 
БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы Нью-Йоркте ашылды. Джо Байден бұл сессияға президент ретінде алғаш қатысып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу