Шет ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді

189

Бұл қадам энергиямен жабдықтау саласында тәртіп орнатуға, сапалы қызметтерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Шет ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді Фото: Қарағанды облысы

Шет ауданында энергиямен жабдықтау жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шет-Энерго" "Жезқазған электр тарату желісі компаниясы" АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі талаптарын орындамайды. Осыған байланысты ауданда электр қуатын беруге шектеу қойылды.

"Шет-Энерго" көп жылдар бойы электр желілерін жаңғыртуға қаражат салған жоқ. Бұл энергиямен жабдықтаудың жүйелі іркілістеріне әкелді. 

Тұрғындар жиі өшірілуден зардап шегеді, тек жарықсыз ғана емес, жылусыз да қалады. Тұрақты ескертулерге қарамастан, "Шет-Энерго" қызметтерінің сапасы жақсармай тұр.

Аудан әкімдігі электр энергиясын беруді қалпына келтіру үшін жергілікті ауқымдағы ТЖ режимін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу