Сол уақыттан бастап алғашқы энергия алына бастайды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі..
Күн электр станциясы 120 гектар аумақты алып жатыр. Оның қуаттылығы 50 МВт құрайды. Келісімшартқа сай бірінші электр энергиясы 30 маусымда өндіріле бастайды. Қазіргі таңда электр қуатына қосылу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада мұнда 150 мың панель мен қуатты қосалқы станциялар жеткізілуге тиіс.
Неміс инвесторларының айтуынша, электр станциясының құрылысын жалғастыруға еш кедергі жоқ.
"Жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде KEGOC қосалқы станцияларынан біздің қосалқы станцияларға дейінгі бұл желі бірнеше күннен кейін дайын болады. Біз үшін бұл жобаны осы жылдың 30 маусымында аяқтау өте маңызды", – деді "SES Saran" ЖШС бас директоры Евгений Гребенников.
Жобаның құны – 55 миллион еуро. 3-4 жыл ішінде өңірге баламалы энергия саласында 500 миллион доллар тарту жоспарланып отыр.