Шет елде сотталған отандастарымыз жазасын отанында өтей алады

1082

ТМД елдерінде сотталған қазақстандықтар жазасын Отанында өтей алады, деп хабарлайды Atameken Business.        

Шет елде сотталған отандастарымыз жазасын отанында өтей алады

Тиісті конвенцияны бүгін Сенат қабылдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Ал басы біздің елде істі болғандар, керісінше, өз мемлекеттеріне оралуғ құқылы. Бірақ, бұл тек шартты түрде сотталған, яғни бас бостандығынан айырылмаған қылмыскерлерге қатысты. Жазасын жат жерде емес, туған жерінде өтегісі келетіндер өтініш жазуы тиіс. Оның негізінде сол елдің Бас прокуратурасы сұрау салады. Бұл үшін сотталғанның паспорты, жазбаша келісімі, сот шешімінің көшірмесі мен мінездеме қоса берілуі шарт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу