Шет елдерден әкелінген қызанақтардан вирус анықталып жатыр

3439

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары 92 млн теңгені құрайтын 1,5 мыңнан астам бұзушылық анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шет елдерден әкелінген қызанақтардан вирус анықталып жатыр

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында АШМ мемлекеттік инспекторлары 92 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салған. Фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында өсімдіктер карантині саласында 1 723 бұзушылық анықталған.

"Оның ішінде ең көп таралғандары - өнімді фитосанитариялық сертификатсыз алып жүру. Сонымен қатар, қаптамада таңбалаудың болмауы, фитосанитарлық сертификат талаптарына сәйкес келмеу және фитосанитарлық талаптардың бұзылуы фактілері тіркелген. 150 жағдайда карантиндік объектілер анықталған. 403 жағдайда карантинге жатқызылған өнім экспорттаушы елге қайтарылды, тағы 8 жойылды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар, 1 406 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 92 401 241,0 теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Әзербайжанан жеткізілген қызанақтарға карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байланысты комитет тарапынан Әзербайжан аумағынан қызанақ жемістерін әкелуге шектеу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізілді Заңнамаларды басшылыққа ала отырып және Әзербайжан республикасының Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінен келіп түскен карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің алдын алу бойынша қабылданған және қабылданатын шаралар туралы ақпараты назарға алынып, 2021 жылғы 21 қаңтардан бастап осы шектеу алынып тасталды. Сондай-ақ, жыл басынан бері Түрікменстанның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қызметінің фитосанитариялық сертификаттарының сүйемелдеуімен Қазақстанға жеткізілетін қызанақтарға карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде "қоңыр әжім" вирусының (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) 19 дерегі анықталған", - делінген хабарламада.

Карантиндік объектілердің жүйелі түрде анықталуына және ЕАЭО бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарының бұзылуына байланысты ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті 2021 жылдың 7 маусымынан бастап Түрікменстан аумағынан қызанақ пен бұрыш өнімдерін әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу