Шетелдік пен қазақстандықтың жалақысы айқындалды

1468

Бас прокуратура мен еңбек инспекциясы шетелдік компанияларда арнайы тексеру жүргізді.

Шетелдік пен қазақстандықтың жалақысы айқындалды

Қазақстандық пен шетелдік азаматтар арасындағы жалақы айырмашылығы ақыры айқындалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, шетелдік жұмысшылар жергілікті мамандардан жалақыны екі есе көп алады.

"Бас прокуратура мен Еңбек инспекциялары 63 мекемеде тексеру жүргізіп жатыр. Оның 38-інде тексеру аяқталды. Өкінішке қарай, соның 19-ында 161 факті осындай қазақстандық пен шетелдік азаматтар арасындағы жалақы айырмашылығы айқындалып отыр" - дейді министр.

Негізі, екі есе деген ресми мәлімет қана. Іс жүзінде 4-5 есе кем алып жүргенін қазақстандық жұмысшылар талайдан бері айтып та, тиісті орындарға жазып та жүр. Ал заң бойынша қызметкерлерге жұмысқа кіргенде ұлты мен азаматтығына қарамастан теңдей жағдай жасалуы тиіс.

Айта кетсек, жуырда Маңғыстауда "М-Техсервис" компаниясының жұмысшылары жалақыларын 65 пайызға көтеру туралы талап қойған еді. Компания басшылығы келісіп хаттамаға қол қойғанымен, іс жүзінде орындамаған. Қазір бұл мәселемен тиісті министрлік және облыс басшылығы айналысып жатыр. Осы жағдайдан кейін Бас прокуратура мен Еңбек инспекциясы барлық шетелдік компанияларды тексеруге кіріскен болатын

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу