Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айрылды

1117

ЖОО студенттерінің 90%-ы шекті деңгейден өте алмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айрылды

"Университетке сәйкессіздіктерді жоюға уақыт берілді. Алайда жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және ҚР БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсады. Нәтижесінде Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі шешімімен ЖОО бас лицензиясынан айрылды",- деп жазылған БҒМ хабарламасында.

Университет Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 18 тамыздағы шешімімен жоғары оқу орыны нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады", – дейді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Заңнамаға сәйкес, лицензиядан айрылған жағдайда білім алушылар семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР БҒМ аталған жоғары оқу орны бас лицензиясынан айрылу алдында тұрғанын хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу