Шетелдік қонақтар Қазақстанға келгені туралы көші-қон полициясына мобильді қосымша арқылы хабарлай алады

852

Ендігі уақытта шетел азаматтары Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алу және виза әзірлеуді еліміздің кез келген халыққа қызмет көрсету орталығынан ала алады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Шетелдік қонақтар Қазақстанға келгені туралы көші-қон полициясына мобильді қосымша арқылы хабарлай алады

"Елімізге жылына шамамен 1,5 млн шетел азаматы келеді. Осы орайда, өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап біз оларға көші-қон полициясында уақытша тіркелу талабын жойдық. Бұл елімізге инвестиция тарту мен ішкі туризмді ілгерілетуде оң әсерін тигізді. Бүгінде шетелдік қонақтар Қазақстанға келгені туралы көші-қон полициясына "e-Qonaq" мобильді қосымшасы арқылы хабарлай алады", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов баспасөз мәслихатында. 

Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетел азаматтарына уақытша тұруға рұқсат беру және виза әзірлеу үшін бірыңғай қызмет көрсету секторы құрылды. Жыл соңына дейін аталған қызмет түрін еліміз бойынша барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болады деп жоспарланып отыр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу