Шетел азаматтарына 8,0 млн теңге көлемінде "TAX FREE" төленді

696

Елімізде "TAX FREE" қолданылу мерзімін 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін, яғни 1 жылға ұзартылды. 

Шетел азаматтарына 8,0 млн теңге көлемінде "TAX FREE" төленді

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті  туризмді дамыту мақсатында "TAX FREE" пилоттық жобасын іске қосқан, деп жазды inbusiness.kz.

Пилоттық жоба аясында шет елдерден келген туристерге сомасы 20 АЕК-тен кем болмайтын тауарларды елімізде сатып алып, ЕАЭО аумағынан тыс жерге әкету кезінде ҚҚС сомасы өтеледі. 

Пилоттық жоба 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін әрекет етеді.
"TAX FREE" пилоттық жобасында Алматы қаласындағы "Esentai Mall" сауда үйінде орналасқан 34 әлемдік брендті ұсынатын 24 сауда қызметінің субъектісі қатысады. Өтемақыны алу үшін турист "TAX FREE" чегін кеден бекетінің қызметкеріне ұсынуы қажет. Алматы халықаралық әуежайында шекарадан өту барысында кеден бекетінің қызметкері тиісті белгіні қойған соң, өтемақы сомасы түседі.

Жоба басталғалы бері шетел азаматтарына 103 млн теңгеге сатып алынған тауарлар үшін, 8,0 млн теңге көлемінде ҚҚС соммасы өтелді”, – деп хабарлады комитетте. 

Сонымен қатар, Covid-19 пандемиясына байланысты шектеулерді және оның отандық және әлемдік туризмнің дамуына теріс ықпалын ескере отырып, "TAX FREE" пилоттық жобасын қолданылу мерзімін 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін, яғни 1 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды. 

Сондай-ақ пилоттық жобаны жүргізу географиясы Алматы, Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларына кеңейтіліп, стационарлық сауда объектілерінің саны ұлғайтылады.
Пилоттық жобаны келесідей кеңейту ұсынылды:
- Алматы қ.: "Esentai Mall" СОО, "Мега" СОО, "Достық Плаза" СОО, "Forum" СОО, "Rolex Boutique Almaty" сағаттар дүкені, "Premier Group" сағаттар дүкені, "Tiffany" дүкені, "Cartier" дүкені;
- Нұр-Сұлтан қ.: "Talan Gallery" СОО, "Керуен" СОО, "Хан Шатыр" СОО, "Мега Silk Way" СОО;
- Түркістан қ.: "Karavansaray Turkistan" СОО.

“Қазіргі уақытта нормативиік құқықтық акт жобасы барлық қажетті рәсімдерден өтіп, ҚР Әділет министрлігіне келісуге жолданған."TAX FREE" жүйесі барлық дерлік дамыған елдерде жұмыс жасап жатқанын ескеру қажет. Бұл, өз кезегінде, туризмді дамытып, жергілікті бизнесті қолдауға көмегін тигізеді” – деп хабарлады комитет. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу