Сотта шетел азаматтығын алғанын құзіретті органдарға хабарламаған әйелдің ісі қаралды, деп хабарлайды Today.kz.
Қазақстан Республикасының "Азаматтық" туралы заңына сәйкес, шетел азаматтығын алған қазақстандық 30 күн ішінде азаматтығын ауыстырғаны туралы тиісті органға хабарлауы керек.
Биыл ақпанда тәртіп сақшылары 3 жыл бұрын Ресей азаматтығын алған әйелді анықтағын. Алайда азаматша азаматтығын ауыстырғаны туралы хабарламаған. Әйел бұл заң туралы білмейтінін айтқан. Енді ол 336 700 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу