Шетел азаматы 104 мың юанды шекарадан заңсыз алып өтпек болған

330

Шетелдік Алматы облысына декларацияланбаған 104 мың юаньды заңсыз алып өтпек болған.  

Шетел азаматы 104 мың юанды шекарадан заңсыз алып өтпек болған Фото: gov.kz

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті “Қалжат” кеден бекетімен 26 ақпанда кедендік тексеру барысында шетел азаматынан жалпы сомасы 104 000 юаньді құрайтын немесе 14,4 мың. АҚШ доллары эквивалентіндегі ақшаның міндетті кедендік декларациялаудан жалтару фактісін анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

“Қалжат” кеден бекеті лауазымды тұлғаларымен ҚР ӘҚБтК 551 бабы 3 бөлігімен әкімшілік өндірісі қозғалды. Әкімшілік іс аяқталып, айыппұл сомасы өндірілді.

Алматы облысы бойынша МКД, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 10 000 АҚШ доллары эквивалентінен асатын шетелдік қолма-қол валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын алып өтуге тыйым салынғанын, жоғарыда көрсетілген норманы бұзғаны үшін, сомасына қарай әкімшілік, немесе қылмыстық жауапкершілік қаралғанын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу