Шетел азаматы астанада тоғыз автокөлікті заңсыз сатып жіберген

1415

Нұр-Сұлтанда жалға алынған автокөліктерді сатумен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлады елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Шетел азаматы астанада тоғыз автокөлікті заңсыз сатып жіберген

"21 жастағы шетелдік қысқа мерзім ішінде тоғыз автомобиль сатып үлгерген. Олардың алтауы тәркіленіп, иелеріне қайтарылды", – делінген сейсенбіде таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, шетелдік азамат автомобильдерді ұзақ мерзімге жалға алған, содан кейін оларды үшінші тұлғаларға сатқан, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. 

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция ол ұрлаған басқа көліктерді іздестіруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу