Батыс Қазақстан облысында Беларусь Республикасының азаматы полиция қызметкерлеріне "пару беру" кезінде ұсталды
Ол ҚР жолда жүру ережесін бұзып, полиция қызметкеріне әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 2 мың рубль көлемінде "пара" ұсынған. Оқиға орнына Теректі аудандық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу