Шетел азаматынан 69 түйнек есірткі табылды

1254

"Қарасора-2021" операциясы барысында Атырау қаласында есірткі саудасымен айналыспақ болған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz өңірлік полиция қызметінің дерегіне сілтеме жасап. 

Шетел азаматынан 69 түйнек есірткі табылды

32 жастағы шетел азаматы Атырауға Тараз қаласынан келген. Күдіктінің 
жалдамалы пәтерінен есірткінің 40, денесінен 29 түйнегі табылды. Бұған қоса одан есірткі қолданушылар арасында "Меф" деп аталатын 19,7531 грамм есірткі тәркіленді. 

Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды. Оған қатысты кылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу