Шетел басшылары Қазақстан Президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

801

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп жазады Ақорда баспасөз қызметі. 

Шетел басшылары Қазақстан Президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өзінің құттықтауында екі ел халқын байланыстыратын берік достық пен тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

Сауд Арабия Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд және Корольдіктің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд Қасым-Жомарт Тоқаевты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт тілеген, ал бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген.

Сонымен қатар Қазақстан көшбасшысын БАӘ Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян, БАӘ вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Иордания Королі II Абдалла,  Кувейттің Тақ мұрагері Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Палестина Президенті Махмуд Аббас құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу