Шетел инвестициясының ағыны 30 млрд долларға дейін ұлғаяды

874

Үкімет "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуетін пайдаланады. 

Шетел инвестициясының ағыны 30 млрд долларға дейін ұлғаяды

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде стратегиялық инвестициялық жобалар пулы құрылатынын мәлімдеді. 

"Инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық мерзіміне заңнамалық талаптардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында стратегиялық инвестициялық келісім енгізіледі. Осы мақсатта Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне, сондай-ақ "Арнайы экономикалық аймақтар туралы" заңдар түзетіледі", – деді Руслан Дәленов. 

Оның сөзінше, стратегиялық инвестициялық жобалар пулы құрылып, барлық жобалар инвестицияларды тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінде қаралады. Жобалардың іске асырылу тиімділігін арттыру үшін әрбір ірі инвесторды жеке тәсілмен қамтамасыз ету көзделген.

"Инвестициялық жобаларды іске асыру процесінде заманауи инфрақұрылымды, ағылшын заңнамасын, жеңілдетілген салық және көші-қон режимін ұсынатын "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуеті белсенді пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген шаралар негізгі капиталға инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімнің 30% жеткізуге және тікелей шетелдік инвестициялардың ағынын 2025 жылға қарай 30 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу