Шетелдік инвесторлар Қытай нарығын тастап кетіп жатыр. Бұл ақпаратты осы елдің БАҚ өкілдері таратты, деп хабарлайды 24Хабар.
Мәліметке сүйенсек, салықтық жеңілдіктердің төмендеп кетуі мен жұмыс күшінің қымбаттауы себеп болған. Осының салдарынан көптеген кәсіпорын бизнесін Азияның өзге де дамушы елдеріне ауыстырып жатыр. Америка-Қытай сауда палатасының жарты мыңға жуық мүшесінің 4-тен бір бөлігі Қытай еліндегі бизнесін жауып немесе жақын уақытта тоқтатуға дайын отыр.
Мәселен, қаңтарда әлем бойынша компьютерге арналған қатты диск шығаратын Seagate компаниясы Сучжоу қаласындағы өндіріс орнын жапты. Онда 2 мыңға жуық қытайлық жұмыс істейтін еді. Кейін белгілі болғандай Sony, Panasonic, L'Oreal мен Microsoft компаниясы да Аспан асты елінен кеткен.