Шетел инвесторларымен жұмыс жүргізуде Павлодар облысы екінші орында

605

Шетел инвесторларымен жұмыс жүргізуде Павлодар облысы екінші орында

Шетел инвесторларымен жұмыс жүргізу бойынша Павлодар облысы республика көлемінде екінші орында тұр. Бірінші орын әзірге Атырау облысының еншісінде, деп хабарлайды pavlodarnews.кz .

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрболат Сейітмағамбетовтің сөзінше, жыл қорытындысы бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 443 млрд. теңгені құрап, жоспар былтырғы жылдан бір-екі пайызға артық орындалмақ.

"Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестиция тарту бойынша республика көлемінде екінші орында келеміз. Дегенмен бізде осы бағыттағы жұмыс былтырғымен салыстырғанда 18 пайызға төмендеген. Бұған өңірдегі ірі кәсіпорындар инвестициялық жобалардың негізгі көлемін жылдың үшінші тоқсанына жоспарлауы себеп болып отыр. Мәселен, былтыр ПНХЗ үлкен инвестицияларды жылдың басында жапса, биыл шілде айынан қазан айына ауыстырып отыр. Сондықтан жыл соңына дейін жоспар толығымен жүзеге асырылады", - дейді Нұрболат Сейітмағамбетов.

Басқарма басшысының сөзінше, Павлодар өңіріне инвесторларды көптеп тарту мақсатында биыл алыс-жақын шетел өкілдерімен 20 кездесу өткізілген. Олардың қатарында Қытайдағы "AVIC Securities", "HEC", "HUAWEI" компаниялары, Жібек жолы қауымдастығы (Гонконг) және Түркиядағы "MadCorporations", "СhongMaoGroup", "ENProde" сынды алып кәсіпорындары бар.

"Облыста 2017 жылға арналған инвестицияларды тарту жөніндегі шаралар жоспары бекітілген. Жоспар аясында апта сайын "Инвесторлар күні" жиындары жүргізіледі. Жыл басынан бері барлығы 21 кездесу өткізіліп, 22 жоба қарастырылған. Осы тектес шаралар облыстың қалалары мен аудандарында да ұйымдастырылуда", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу