Шетел валютасын сатып алуға шектеу қойылады

2566

Валюта нарығындағы іс-қимыл Ұлттық банктің рұқсатымен атқарылады.   

Шетел валютасын сатып алуға шектеу қойылады

Премьер-министр Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына, басқарушы холдингтерге және бірқатар министрліктерге тапсырма берді. 

"Самұрық-Қазына" қорына, басқарушы холдингтерге бұрынғы жеткізілген келісімдерге сәйкес, өздерінің валюта нарығындағы іс-қимылын Ұлттық банкпен келісуді тапсырамын. Ұлттық экономика, қаржы министрліктері бақылауды және тиісінше үйлестіруді қамтамасыз етсін. Ағымдағы міндеттемелерге қатысы жоқ шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу қойылсын!" – деді Үкімет басшысы. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу