Шетел валютасын сатып алудағы шығыстардың 52,9 пайызы рубльге тиесілі

612

Шетел валютасын сатып алудағы шығыстардың 52,9 пайызы рубльге тиесілі

Халықтың шетел валютасын сатып алуға жұмсаған шығыстарының 77,3 млрд теңгесі немесе 52,9%-ы тиесілі болған (2017 жылғы сәуірдегі 46%, немесе 42,3 млрд-пен салыстырғанда) ресей рубліне деген сұраныс ай ішінде таза сатып алуда 14%-ға (немесе 9,2 млрд), былтырғы деңгеймен салыстырғанда 1,8 есеге (34,9 млрд теңгеге) өскен, деп хабарлайды abctv.kz.

Сұраныс негізінен солтүстік көршімен қоңсы жатқан өңірлерде (сондай-ақ Астана мен Алматыда) байқалды, сірә бұл екі елдің көрші аймақтарының сауда-саттығындағы өсіммен байланысты болса керек.
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың І тоқсанында 3,85 млрд долларды құрады. Бұл былтырғы сәйкес көрсеткіштен 8,4%-ға көп, екенін ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінен аңғардық. Ресейден келген импорт – 8,7%-ға, 2,68 млрд-қа дейін, ал осы елге экспорт 7,3%-ға, 1,17 млрд долларға дейін өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу