Шетел валютасына халықтың сұранысы азайып кетті

142

Сәуірде Қазақстанның айырбастау пункттерінде долларды таза сатып алу көлемі 66,9 млрд теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Шетел валютасына халықтың сұранысы азайып кетті Фото: shutterstock.com

Өткен айда қазақстандық айырбастау пункттерінде долларды таза сатып алу (валютаны сатып алу мен сату арасындағы айырмашылық) қазақстандықтар долларды 73,9 млрд теңгеге сатып алған наурызбен салыстырғанда күтпеген жерден 10 пайызға төмендеген. 

Жыл басымен салыстырғанда долларды сатып алу таза мәнде 45% (қаңтарда 120 млрд теңге) төмендеді. Жылдық көрсеткіште төмендеу одан да көп – 54% (2024 жылғы сәуірде 145 млрд теңге) болды.

"Басқа шетел валюталарына келетін болсақ, еуроның таза сатылымы 4,8 млрд теңге болды, бұл наурыздағыдан (11,6 млрд теңге) 58% аз. Бір жыл ішінде еуроға сұраныс 85% төмендеді.

Ал рубльді сатып алуға қарағанда сату көп. Сәуірде халықтың рубльді таза сатуы 62% – 18,9 млрд теңгеден 30,7 млрд теңгеге дейін өсті", – делінген жазылған Ұлттық банкінің ресми есебінде. 

Қытай валютасына қатысты сұраныс басқаша. Наурызда халық юаньды 9,3 млн теңгеге сатып алған болса, сәуірде 148,6 млн теңгеге сатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу