Шетел валютасында кредит беру бір айда 5,6% азайды

803

Биыл сәуірде Қазақстанда шетел валютасында кредит беру 5,6% азайып, 1 млрд 762 млрд теңге көлемінде несие берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шетел валютасында кредит беру бір айда 5,6% азайды

Ұлттық банктің мәліметінше, банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,9% өсіп, 2022 жылғы сәуірдің соңында 19 млрд 399,5 млн теңге болды (жылдық мәндегі өсім – 28,5%). 

"Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі бір айда 8 млрд 16,1 млн теңгеге дейін 0,5% төмендеді, жеке тұлғаларға 11 млрд 383,4 млн теңгеге дейін 1,9%-ға өсті. Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 17 млрд 637,6 млн теңгеге дейін 1,6% ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,0%, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,0% өсті", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ шетел валютасында кредиттер көлемі 1 млрд 762 млрд теңгеге дейін 5,6% азайды. 

"Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредит 5,6%, жеке тұлғаларға берілген кредит 11,9% төмендеді. 
Биыл сәуірдің соңында теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 90,9% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 млрд 47,4 млн теңгеге дейін 0,5%, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 3 млрд 352,2 млн теңгеге дейін 3,0% ұлғайды.

"Биыл сәуірде шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 4 млрд 39,8 млн теңгеге дейін 10,9%-ға (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінен 50,4%) төмендеді.
2022 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,2% (2021 жылғы сәуірде – 11,6%), жеке тұлғаларға – 17,3% (17,3%) болды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу