Шетел валютасындағы депозиттер 19,8 пайызға қысқарған

967

Ал Ұлттық валютадағы салымдар жыл басынан бері 5,5 пайызға өскен.

Шетел валютасындағы депозиттер 19,8 пайызға қысқарған

Банктер кредиттік белсенділігін ұлғайтуда. Биылғы сәуір-маусымда І тоқсанда жүргізілген банктерді қалыпқа келтіруден кейін кредиттік портфель 3,5%-ға немесе 433,6 млрд теңгеге 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ұзақ мерзімді кредиттер – 11 трлн теңге, қысқа мерзімді кредиттер – 1,9 трлн теңге болды. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осындай мәлімет келтірді.

Оның айтуынша, Ұлттық валютадағы салымдар жыл басынан бері 5,5%-ға өскен, ал шетел валютасындағы депозиттер 19,8%-ға қысқарған. Депозиттерді долларландыру маусымның соңында 41,6%-ға дейін төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу