Ұлттық валютадағы депозиттер 2022 жылғы тамызда 1,0%-ға 18,0 трлн теңгеге дейін төмендесе, шетел валютасында депозиттер - 4,1%-ға 10,3 трлн теңгеге дейін өсті, деп жазады inbusiness.kz.
"Нәтижесінде 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша долларлану деңгейі 2022 жылдың басындағы 36,0%-бен салыстырғанда 36,5%-ды құрады", – деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы тамызда 12,4% (2021 жылғы желтоқсанда – 7,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 11,7% (2021 жылғы желтоқсанда – 8,0%) құрады.
"Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2022 жылғы тамызда 28,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Заңды тұлғалардың депозиттері 14,6 трлн теңгеге, ал жеке тұлғалардың депозиттері 13,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды", – деп хабарлады агенттік.