Шетелде 50 спортшыға бөлінетін қаржыға біз 1 300 спортшы ұстап отырмыз – Андрей Крюков

821

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков кәсіби спорт клубтарына беріліп жатқан қаражатты балалар мен жасөспірімдер спортына және Олимпиадалық спорт түрлеріне бөлу бастамасын көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шетелде 50 спортшыға бөлінетін қаржыға біз 1 300 спортшы ұстап отырмыз – Андрей Крюков

"Жергілікті бюджеттен ұлттық құраманы дайындауға спортқа бөлінген қаражаттың 6%-ы ғана аударылады. Мысалы, шетелде 50 спортшысы бар бір құрамаға бөлінетін қаржыға біз 1 300 спортшы ұстап отырмыз. Сол себепті кәсіби клубтарға бөлінетін қаражатты балалар мен жасөспірімдер спортына, Олимпиадалық спорт түрлеріне аударуды дұрыс деп есептейміз. Себебі Олимпиада спортшыларының жетістіктері өскелең ұрпаққа үлгі болады", – деді Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы.

Оның сөзінше, Ұлттық құраманың Токио Олимпиадасындағы нәтижесін төртке бөліп қарауға болады. 

"Спортшыларымыз каратэ, теннис, спорттық гимнастика, ауыр атлетика секілді спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсетті. Садақ ату, байдарка және каноэде есу, сонымен қатар еркін күрестегі көрсеткішіміздің жақсарғаны байқалды. Ал велоспорттан ойдағыдай нәтиже көрсете алмадық. Бокс, грек-рим күресі, жеңіл атлетикадағы көрсеткішіміз де көңіл көншітпеді", – деді Андрей Крюков. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу