Токио қаласында дауыс берген алғашқы қазақстандық жақында 18-ге толған жас сайлаушы Алижан Салиев болды. Бұл – оның алғашқы сайлауы және ол осы өзінің құқығын қуана жүзеге асырды.
"Мен жақында 18 жасқа толдым және осындай тарихи оқиғаға алғаш рет қатысу мен үшін өте қызықты. Оған қоса, бұл – үлкен жауапкершілік, өйткені менің дауысым да Конституцияны жаңартуда ескерілетін болады. Мен Қазақстанның Жапония сияқты дамыған елге айналғанын қалаймын", – деді ол.
Оңтүстік Корея астанасындағы №258 учаскеге алғаш болып қазақстандық отбасы Кәкім Данабаев пен Аруна Жәнібек келді. Олар Сеулде 10 жылдан астам уақыт тұрып, бизнеспен айналысады.
"Мен корей серіктестеріммен бизнес жүргіземін. Олардың өз еліндегі жағдайды қалай талқылайтындарын, саяси өмірге белсенді қатысатынын жиі көремін. Сондықтан, соңғы 10 жыл ішінде мен бірде-бір сайлаудан қалған жоқпын. Бұл жолы да өз дауысымды беруге келдім, өйткені референдумға қатысу – біздің азаматтық парызымыз. Біздің дауысымыз – балаларымыздың болашағы", – деді кәсіпкер.