Шетелде еңбек құлдығына түскен қазақстандықтар: СІМ жауабы

492

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік-Шығыс Азияның "Алтын үшбұрышы" аймағында жоғалған 2 отандасымыздан басқа да қазақстандықтар болуы мүмкін екенін жасырмады, деп жазады inbusiness.kz

Шетелде еңбек құлдығына түскен қазақстандықтар: СІМ жауабы Фото: zakon.kz

Оның сөзінше, екі қазақстандық жаңа жылдың алдында Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне жүгінген.

"Жаңа жыл алдында бізден көмек сұраған екі азамат жүгінді. Олар өздерінің деректерін жарияламауды сұрады. Бірақ олардың туыстары қатты уайымдап, БАҚ-қа жүгіне бастағаны өздеріңізге белгілі. Сол себепті де біз бұл мәселені жариялауға шешім қабылдадық", - деді Айбек Смадияров брифингте.

СІМ ресми өкілінің айтуынша, олардан басқа еңбек құлдығында жүрген еліміздің басқа да азаматтары туралы деректер бар екенін, бірақ бұл тексерілмеген ақпарат екенін хабарлады.

"Оны тексеру өте қиын. Сондықтан да егер сол аймақта жүрген азаматтарымыз ел жаңалықтарын оқыса немесе көрсе, олардан өздерінің орналасқан жерін жасырмауды сұраймыз. Олар не болып жатқанын, қандай көмек қажет екенін міндетті түрде хабарлауы керек", - деп атап өтті министрлік өкілі.

Айбек Смадияров соңғы уақытта "Алтын үшбұрыш" деп аталатын аумақта қазақстандықтардың еңбек құлдығына түсу жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтті. 

Еске салайық, 11 қаңтар күні СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Үкімет кулуарында екі қазақстандықтың шетелде еңбек құлдығына түскенін хабарлаған болатын. Оларды елге қайтарып алуға барлық мемлекеттік орган жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу