Шетелде қалған туристерді қайтару мемлекет есебінен жүргізілмейді – Ералы Тоғжанов

686

5 мың қазақстандықты қайтару үшін чартерлік рейстер ұйымдастырылып жатыр.

Шетелде қалған туристерді қайтару мемлекет есебінен жүргізілмейді – Ералы Тоғжанов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шетке сапарлап кеткен қазақстандықтарды қайтару жұмыстары түгелдей мемлекет қаржысына ұйымдастырылмайтынын атады.

"Біз шетелдегі 5 мыңға тарта отандасымызды елге қайтаруымыз керек. Бүкіл әлемде рейстер анағұрлым қысарғандықтан, чартерлік рейстермен елге қайтару жұмыстары басталды. Бұл жұмыс алайда мемлекет есебінен жүргізілмейтінін еске саламын. Осы жылдың 23 наурызына дейін 4 мыңға тарта қазақстандықты қайтару үшін 18 рейс орындалады", – деді ол онлайн-брифингте.

Еске салсақ, бұған дейін шетелдегі Қазақстан азаматтарын қайтару "Қамқор" туристік қоры есебінен іске асатыны хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу