Шетелде оқитын әскерилердің 50 пайызы Ресейде дайындалады

579

Түркияның үлесі 20 пайыз ғана.

Шетелде оқитын әскерилердің 50 пайызы Ресейде дайындалады

Қазақстан қорғаныс саласына қажет мамандардың көбін әлі де Ресейде оқытуға мәжбүр. Министр Нұрлан Ермекбаевтың өзі мұны растап отыр. 

"Жоғары әскери білім берудің бөлек бағдарламасы бар. Мұнда мамандар нақты мамандықтар бойынша дайындалады. Өзіміздегі ондай жоғары әскери оқу орындарының саны – үшеу. Оған қосымша ЖОО-дан кейінгі білім беру бар. Оны Қорғаныс университеті іске асырады. Бұл жерде жалпы жауынгерлік командирлерді, танкистер мен десант жасақтарын, авиа-электроника, байланыс, радио-электрондық күрес, ақпараттық технология мамандарын, ұшқыштар мен әскери әуе күштерінің инженерлер құрамын дайындайды. Ал Қазақстанда дайындалмайтын мамандықтар бойынша жастарды шетелге жолдаймыз. Олар да мамандықтарына сай бөлінеді. Жалпы шетелде оқып жатқан әскери қызметкерлердің шамамен 50 пайызы Ресей Федерациясында, 20 пайызы Түркияда, 30 пайызы өзге елдерде оқиды", - деді Нұрлан Ермекбаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу