Шетелде жасырынып жүрген 205 жемқордың 152-сі елге қайтарылған

799

Шетелде жасырынып жүрген 205 жемқордың 152-сі елге қайтарылған

Соңғы он жылда шетелде жасырынып жүрген 205 жемқордың 152-сі елге қайтарылған. Дегенмен Қазақстаннан 8 миллиардтан аса долларды жымқырып кеткен бұрынғы министрлер мен әкімдер әлі күнге қолға түспеді. Бұл туралы бүгін халықаралық концференцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлімдеді, деп хабарлайды khabar.kz.

Айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан тарапы 40-тан астам мемлекетпен, активтерді және қылмыскерлерді қайтару туралы келісім жасасқан. Одан бөлек әлемдік қауымдастықпен шетелдік банктердегі шот ұстаушылар туралы деректерді ашуға оффшордан шығару бойынша нақты шаралар іске асуда.    

"Халықаралық ұйымдарға, дипломатиялық корпусты және жалпы елімізде жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шынайы ақпаратты жеткізу. Қазіргі кезде әріптестіктің құрылымын анықтау, өзара сенім мен түсінікті нығайту жұмыстары ерекше мәнге ие болып отыр. Бұл орайда БҰҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенция қабылдап, 184 мемлекеттің ынтымақтастық негізін жасады", - дейді Қайрат Қожамжаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу