Шетелде жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарға рақымшылық заңы қолданыла ма?

208

Шет мемлекеттерде 1000-нан астам отандасымыз жазасын өтеп жатыр.  

Шетелде жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарға рақымшылық заңы қолданыла ма? Фото: baq.kz

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков шет мемлекеттерде жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарға рақымшылық заң қолданыла ма деген сауалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шетелдерде 1 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жазасын өтеп жатыр. Олардың 800-ден астамы Ресей Федерациясында. Олар басқа мемлекетте қылмыс жасап, сол мемлекеттің заңдарымен жазаланған азаматтар. Аталған азаматтарды беру мәселесі ТМД елдерінде Мәскеу конвенциясы негізінде, ал алыс шет елдермен екіжақты халықаралық шарттардың негізінде жүзеге асырылады. Осындай шарттар 26 мемлекетпен жасалған", – деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы.

Оның айтуынша, өткен жылы 40-тан астам сотталған шетелдіктер елдеріне берілді. Олардың дені – Өзбекстан азаматтары. Ал биылғы жылдың 5 айында 20-дан астам сотталғандар елдеріне қайтарылды.

"Олардың да көп бөлігі Өзбекстан Республикасының азаматтары. Бұл сотталғандардың өкілдері Қазақстан соттарына рақымшылық жөнінде жүгінетін болса, халықаралық шарттар негізінде ондай құқығы бар. Шет мемлекеттерде жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарға аталған рақымшылық заң қолданылмайды. Тек қана келісім шарттар негізінде елге қайтарылған сотталғандарға қатысты қолданылуы мүмкін", – деді Абай Қайырбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу