Шетелде жүрген қазақстандықтар алдағы сайлауда қалай дауыс береді?

638

Шетелдегі қазақстандықтар алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында тек партияларға дауыс бере алады, деп жазады inbusiness.kz Kazakhstan Today агенттігіне сілтеме жасап.

Шетелде жүрген қазақстандықтар алдағы сайлауда қалай дауыс береді? Фото: gov.kz

"Шетелдегі дипломатиялық мекемелерімізде ашылған барлық сайлау учаскелері Астана қаласының Есіл ауданына қарайды.  Сондықтан әзірге азаматтарымыз тек партияларға ғана дауыс бере алады", - деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров.

 Ол сондай-ақ елшіліктерде бюллетеньдер саны шектеулі болғандықтан, қазақстандықтарды сайлаушылар тізіміне енгізу үшін дипломатиялық мекемелерге алдын ала хабарласу қажет екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу