Шетелде жүрген қазақстандықтар төлқұжатын қалай рәсімдей алады

738

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтарына ҚР азаматының төлқұжатын алу/ауыстыру қажет болса, сол елдегі Қаақстан елшілігіне немесе консулдығына хабарласу керек, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Шетелде жүрген қазақстандықтар төлқұжатын қалай рәсімдей алады

Олар келесі құжаттарды ұсыну керек:

- Өтініш;

- Жеке басын куәландыратын құжат;

- Төлқұжатты ауыстыру үшін – ҚР азаматының төлқұжаты;

- 16 жасқа толмаған болса – туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты;

- Өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті төрт дана фотосурет;

- Шетелде тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу, отбасы жағдайы, денсаулық фактісін растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);

- Консулдық төлем түбіртегі.

Қызмет көрсету мерзімі – 80 күнтізбелік күн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу