Мысырдың Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнама тақтасы құлап, бір қазақстандық әйел қаза тапты

416

Шарм-эль-Шейх әуежайында Астанаға дейін баратын DV5270 рейсіне отырар кезде 3 қазақстандық әйелдің үстіне жарнама тақтасы құлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мысырдың Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнама тақтасы құлап, бір қазақстандық әйел қаза тапты Фото: liter.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Шарм-эль-Шейх әуежайында рейсті күтіп тұрған жолаушылар тұрған аумақта жарнама тақтасы құлады.

Оқиғаның салдарынан қазақстандық әйел мерт болды, тағы 2 отандасымыз жарақат алды.

"Мерт болған адамның туыстарымен байланысқа шықтық, оларға барлық мәселе бойынша консул көмек көрсетіп жатыр. Зардап шеккен 2 әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді, олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Мысыр тарапы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, шын жүректен өкініш білдірді. Мысырдың азаматтық авиация министрі болған оқиғаны өзінің жеке бақылауына алып, бірден арнайы комиссия жіберді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу