Шетелде жүріп соғысқа қатысқан қазақстандық бірнеше жылға сотталды

186

Алматыда шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысқан ер адамға сот үкімі шықты. Қалалық прокуратура қазақстандықтың сотталуы мүмкін екенін бұған дейін өзіне бірнеше рет ескерткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шетелде жүріп соғысқа қатысқан қазақстандық бірнеше жылға сотталды Фото: freepik.com

Алмалы аудандық соты Алматы қаласының тұрғынын шетел аумағындағы қарулы қақтығысқа саналы түрде заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп таныды. Сот үкімімен оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол Қылмыстық кодексінің 172-бабы (Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу) бойынша жауапкершілікке тартылған.

Прокуратура егер жалдамалылық фактісі анықталса кінәлі тұлғаларға неғұрлым қатаң жаза қолданылатынын ескертті. Қылмыстық кодекстің 170-бабының 1-бөлігіне (Жалдамалыны азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтығыста, соғыс қимылдарында немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне пайдалану не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзу) сәйкес, бұл үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы көзделген.

Ведомство азаматтар мен заңды тұлғаларды заңнаманы қатаң сақтауға, елден тыс жерлердегі қарулы жанжалдарға қатысудан және кез келген өзге де заңсыз әрекеттерден бас тартуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу