Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінен мәлім болды.
Айта кетейік, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан ашылған 68 сайлау учаскесінің 10-ы жұмысын аяқтады.
57 сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып жатыр. Ең соңғысы – Сан-Франциско қаласындағы учаске астана уақытымен сағат 21.00-де ашылатыны хабарланған болатын.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды.
Бұл – тізімге енген азаматтардың 69,31 пайызы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу