Шетелдегі этникалық қазақтар үшін 550 грант оқу гранты бөлінді

1170

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстанның жоғары оқу орындарында грант бойынша білім алғысы келетін шетел азаматтарынан құжат қабылдау басталғанын жариялады.  

Шетелдегі этникалық қазақтар үшін 550 грант оқу гранты бөлінді Фото: egemen.kz

"Бүгін еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды. Бағдарламаға шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері қатыса алады. Өтініш беру онлайн форматта ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының веб-порталы (веб-сайты) арқылы жүзеге асырылады", - деп жазады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтсақ, бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында шетел азаматтарын оқыту үшін 550 грант бөлініп отыр.

"Оның ішінде бакалавриатқа 490 грант, магистратураға 50 грант, PhD докторантураға 10 грант бөлінген. Бағдарлама аясында тегін білім беру мен білім алушының академиялық жетістіктеріне байланысты ай сайынғы стипендия төленеді", - делінген ресми мәліметте.

Онлайн құжат қабылдау министрліктің Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының сайтында 30 наурызда бастап, 30 маусымға дейін жалғасады.

Үміткерлерді іріктеу ұсынылған құжаттар, бейімделу әлеуетін анықтауға арналған онлайн-тестілеу нәтижелері және онлайн әңгімелесу негізінде жүргізіледі. Стипендиаттар тізімі биылғы жылдың 28 тамызына дейін жарияланады.

Қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірлер арқылы жауап алуға болады: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу