Шетелдегі Қазақстан азаматтары сайлауға қатыса алады

532

62 мемлекетте Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 77 сайлау учаскесі құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР СІМ сілтеме жасап.  

Шетелдегі Қазақстан азаматтары сайлауға қатыса алады Фото: election.gov.kz

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және Қазақстан азаматының жарамды паспорты бар азаматтар сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

"Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде дауыс беру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2023 жылғы 19 наурыз, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді", - делінген хабарламада.

Шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтары жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулері қажет.

Айта кетейік, Президенттің 19 қаңтардағы №104 Жарлығына сәйкес 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу